Ресей BBC тілшілерін «шетел агенттерінің» тізіміне енгізді

Сырым Қаржас

Жұма күні Ресей Әділет министрлігі «шетел агенттерінің» тізімін тағы да көбейтіп, оған жеті адамды қосты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ВВС

Олардың арасында BBC орыс қызметінің журналистері Илья Абишев пен Елизавета Фохт бар. Әділет министрлігі BBC журналистерін үшінші апта қатарынан «шетел агенті» деп таныды.

ТІЗІМДЕ ТАҒЫ КІМДЕР БАР

BBC журналистерінен басқа, «шетел агенттерінің» тізіміне мұғалім Вадим (Дима) Зитцер, журналист Андрей Новашов, журналист Владимир Раевский, блогер Антон Суворкин (Антон S) және «Азаттық» радиосының журналисі («шетел агенті» және «қажетсіз ұйым» деп танылған) Дмитрий Сухарев.

Осылайша, ресейлік агенттік BBC журналистерін «шетел агенті» деп үшінші рет қатарынан жариялап отыр. Өткен аптада Әділет министрлігі Ольга Ившинаны «шетел агенттері» тізіміне қосса, екі апта бұрын Анастасия Лотарева мен Андрей Козенконы қосты. 2024 жылдың сәуірінде BBC журналисі Илья Барабанов «шетелдік агенттер» тізіміне қосылды.

БАСТЫ СЕБЕП

Әділет министрлігі Елизавета Фохт Илья Абишев сияқты «Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары қабылдаған шешімдер мен олардың жүргізіп отырған саясаты туралы жалған ақпарат, сондай-ақ Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінің теріс имиджін қалыптастыруға бағытталған жалған ақпарат таратқан» деп мәлімдеді. Сондай-ақ “Ресейге және Украинадағы арнайы әскери операцияларға қарсы болды”, деп айыптады.

Сонымен қатар, департаменттің айтуынша, Фохт «шетелдік агенттің хабарламалары мен материалдарын шектеусіз адамдарға таратуға қатысқан».

BBC мәлімдемесі

BBC Ресей билігінің Илья Абишев пен Елизавета Фохтты «шетел агенттері» тізіліміне қосу туралы шешімін үзілді-кесілді қарсы. Бұған дейін бұл тізімге BBC News орыс қызметінің журналистері Илья Барабанов, Анастасия Лотарева, Андрей Козенко және Ольга Ившина қосылған болатын.

BBC Дүниежүзілік қызметінің басшысы Джонатан Мунро:

«Ресей билігі үшін BBC News орыс қызметінің журналистерін «шетел агенттері» тізіліміне қосу әдеттегі тәжірибеге айналды. Би-би-си біздің журналистерді қорқытып, үнін өшіруге бағытталған бұл әрекетті қатаң айыптайды. Бұл ерікті шешімдер біздің жұмысымызды орындауға кедергі жасау үшін жасалған, бірақ олар біздің журналистерді тоқтата алмайды, деді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Ресейде блогер Варламовқа "шетел агентінің" міндеттері бойынша іс қозғалды. 

Ал оның алдында ғана Ресей «Собеседник» газетін «шетел агенті» деп таныды. 

Сондай-ақ былтыр Татарстан жоғарғы соты Азаттықтың Татар-Башқұрт қызметінің журналисі Алсу Құрмашеваны "Ресей әскері туралы жалған ақпарат таратты" деген айыппен алты жылға соттады. Құрмашеваға да Ресей билігі “шетел агенті” деген айып таққан еді.