Алматы қаласы, Алатау ауданындағы Биянху көшесінде аумағы 150 шаршы метрді құрайтын жеке тұрғын үйде үлкен аумақты алған өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Бүгін түнде Алматы қ. Алатау ауданы Биянху көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндірушілер келіп, өртті 150 ш.м. алаңда сөндірді”, деп хабарлады ТЖМ.
Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.