Қазақстанның екі облысында жол учаскелері жабылды

Сырым Қаржас

Қазақстанның екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдардың учаскелері жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.

Жасанды интеллект / Ulysmedia

Бүгін, 2 ақпан күні сағат 16:00-де ауа райының бұзылуына байланысты төмендегі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды: 

Абай облысы: 

  • "Өскемен-Семей" автожолының 103-198 шақырым аралығы (Семей қаласы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы); 

 Шығыс Қазақстан облысы:

  • "Өскемен-Семей" автожолының 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылы-Абай облысы шекарасы);  
  •  "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ" автожолының 1125-1191 шақырым аралығы (Предгорное ауылы бұрылысы-Шемонаиха қаласы);
  •  "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ" автожолының 1194 -1212 шақырым аралығы (Шемонаиха қаласы-РФ шекарасы); 

Жол учаскелерін ашу 2025 жылғы 03 ақпан күнгі сағат 06:00-ге жоспарланған.