Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БІРЛЕСКЕН ШАРА
2025 жылдың басынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
ҚАРУЛАР
Нәтижесінде 8 «Калашников» автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1521 оқ-дәрі табылды және тәркіленді.
ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ
Көрсетілген қару-жарақтардың 4 бірлігі «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланғаны анықталды.
ТЕРГЕУ
Осы фактілер бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.