Ақтөбеде орысша аталған бірнеше көше қазақ тілінде аталатын болды

Сымбат Сатыбалдина

Ақтөбеде орысша аталған бірнеше көше қазақ тіліндегі атауларға ауыстырылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ulysmedia.kz коллажы

Бұл туралы “Диапазон” жазды. 

Ақтөбеде өткен мәслихаттың 25-ші сессиясында көше атауларын өзгерту мәселесі қаралды. Депутаттардың қарауына «идеологиялық тұрғыдан ескірген, маңызы аз атауларға» ие көшелер мен тұрғын үй алабын қайта атау мәселесі ұсынылған.

ҰСЫНЫС

Ұсынылған өзгерістер:

  • Кирпичная көшесі – аңызға айналған әнші Роза Бағланованың құрметіне;
  • Октябрьская көшесі – жазушы Сафуан Шәймерденовтің құрметіне;
  • Нахимов көшесі – Алтын Орда мен Түмен хандығының билеушісі болған Тоқтамыс ханның құрметіне;
  • Станционная көшесі – ақын және жазушы Сырбай Мәуленовтің құрметіне;
  • Местпром тұйығы – ақын және жазушы Әбу Сәрсенбаевтың құрметіне.

Сондай-ақ, келесі атауларды өзгерту ұсынылды:

  • Белогорка тұрғын үй алабы - Құндызды
  • Новаторов көшесі - Манартау
  • Вагонная көшесі - Байғазы
  • Комсомольская көшесі - Ақтерек
  • Лачугина көшесі - Сарыкөл
  • Энергетиктер шағын ауданы - Қазығұрт
  • Архитектурная көшесі - Сандықтас
  • Садовая көшесі - Айнабұлақ
  • Цветочная көшесі - Ырысты
  • Кандагачская көшесі - Зеренді
  • Можайская көшесі - Сарыбұлақ
  • Бакинский көшесі - Қағанат

Барлығы Астана мен Алматы аудандарында 20 көшені қайта атау ұсынылды. Мәслихаттың тиісті шешімі республикалық ономастикалық комиссияға жіберіледі.