Бұл сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі үкіметте көлік министрі Марат Қарабаевқа қойды.
СҰРАҚ
Бензин қымбайттыны белгілі. Автогаз бағасы өсті. Қосымша құн салығы өседі деп жатыр. Осының бәрі такси қызметінің құнына, әуе, пойыз, автобус билеттерінің бағасына қалай әсер етеді? Сіздерде қандай да бір анализ бар ма? – деп сұрады Ulysmedia.kz тілшісі министрден.
ТЕМІРЖОЛ, ӘУЕ БИЛЕТТЕРІ
Көлік министрі Марат Қарабаев әуе керосині әуелден нарықтық бағамен жүретінін, сондықтан ол жаққа ешқандай әсер етпейтінін айтады. Сонымен қатар, ол теміржол билеттері бағасын мемлекет реттеп отыратынын, сондықтан, ол жақта билет құнын арттыруды жоспарланып отырмағанын айтады.
ТАКСИ ҚЫЗМЕТІ
Такси бойынша: ол жақта жанармай нарыққа беріліп жатыр. Ары қарай нарық айқындайды. Қазір такси қызметінің бағасы нарықта, сондықтан мемлекет тарапынан ешқандай реттеу жоқ. Бірақ біз күні кеше өзін-өзі реттеу туралы заң жобасын талқыладық. Сол заң жобасының шеңберінде де біз не беріп отырмыз? Біз интернет агрегаттарымен такси жүргізушілері өзара келіссе дейміз. 1 шақырым қанша болады? Агрегаттардың пайызы қанша болады? Бұл нарық. Мемлекет араласпайды, – дейді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ақпан айында АИ-92 маркалы бензин литрі 210 теңгеге баруы мүмкін екенін айтқан еді. Осыдан кейін бірнеше өңірде автогаз қымбаттап кеткен.