Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қазақстандағы құтқарушылардың жалақысы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Бұл туралы министр мәжілістегі кулуарда айтты.
- 2025 жылы жалақы төлеудің жаңа жүйесіне көштік. Сол бойынша бөлімшелердегі қосалқы қызметкерлердің жалақысын көтердік. Жедел және жауынгерлік қызметкерлердің жалақысы былтыр көтерілді. 2026 жылы ішкі істер министрлігіндегі әріптестерімізбен бірге пайыздық деңгей бойынша көтеріп отырамыз. Кемінде он пайызға көтереміз. Құтқарушылардың орташа жалақысы әртүрлі категория бойынша бөлінеді. Орта есеппен жалақылары кемінде алты жыл жұмыс істеген өртсөндіруші 250 мың теңге алады, дейді министр.