Қорғаныс министрлігі әскерге баратын жастарды ауданда медкомиссиядан өткізуден бас тартпақ

Аян Өрібай

Бұл туралы сенатта қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ulysmedia коллажы

КЕЛЕШЕКТЕ БАС ТАРТАМЫЗ

Дархан Ахмедиевтің сөзінше, қазір әскерге жастарды аудандық және облыстық деңгейде шақырып жатыр.

Цифрландырудың арқасында біз азаматтардың денсаулығын біле отырып, олардың қай жерде оқып, қай жерде жұмыс істеп жатқанын біле отырып, аудандық деңгейде шақыру науқанынан келешек жылдарда бас тартамыз деген ойымыз бар, – дейді ол.

Бұл жерде аудандық медициналық комиссиядан жастарды өткізуден бас тарту жайлы айтылып отыр.

ӘСКЕРИ ЖИЫНҒА ШАҚЫРУ

Қазақстанның қорғаныс министрлігі 2025 жылы әскери міндеттілерге арналған жиындар ұйымдастырылатынын жариялаған еді. Қорғаныс министрлігі үш мың әскери міндетті қазақстандықты әскери жиындарға шақыруды жоспарлап отыр.