Қайтарылған активтерді басқару компаниясы нысанның жоғары бағаға сатылғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
СӘТТІ САУДА
E-Qazyna электрондық платформасында аукцион нысанындағы сауда-саттық нәтижесінде қайтарылған активтердің бірі – Астана қаласында орналасқан тұрғын емес үй-жай сәтті сатылды.
Актив 108 461 438 теңгеге (ҚҚС қоса алғанда) сатылды, бұл оның бастапқы бағасы 84 584 305 теңгеден 23 877 133 теңгеге жоғары.
ҚАРАЖАТ ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ
Бұл келісім Астана жылжымайтын мүлік нарығына деген инвесторлардың жоғары қызығушылығын растап, осындай активтердің нарықтағы әлеуетін көрсетеді.
Сатылымнан түскен барлық қаражат Арнаулы мемлекеттік қорға жіберіледі. Бұл қаражат Қазақстанның экономикалық дамуын қолдауға және маңызды әлеуметтік нысандарды салуға жұмсалады. Аталған активтің сәтті сатылуы «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС жұмысының тиімділігін тағы бір рет дәлелдеп отыр, қайтарылған активтерді басқару процесінде ашықтықты, әділдікті және жеделдікті қамтамасыз етіп келеді.