Алматы ең лас қалалардың рейтингінде көш басында жүр

Сымбат Сатыбалдина

Алматы қаласы әлемдегі ауасы ең лас мегаполистердің тізімінде төртінші орында, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жасанды интеллект/Ulysmedia

Рейтингті нақты уақыт режимінде бүкіл әлем бойынша ауа сапасын бақылайтын швейцариялық IQAir компаниясы жасаған.

Бұл рейтинг жарияланған кезде тізімді Бішкек (Қырғызстан), одан кейін Киншаса (Конго ДР), үшінші орында Сараево қаласы (Босния және Герцеговина), одан кейін Алматы (Қазақстан) бастап тұр.

IQAir мәліметтері бойынша, Алматыдағы ауаның ластану индексі 183 баллға жетеді, бұл «зиянды» деңгейге сәйкес келеді.

ДДҰ НОРМАСЫ

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ауаның ластану деңгейі ДДҰ нормасынан 5 есе жоғары болып шыққанын хабарлаған едік. Бұл туралы Almaty Air Initiative қоры жүргізген зерттеу нәтижесінде айтылған. 

Almaty Air Initiative қоры қаладағы ауа сапасына талдау жасады. Зерттеу жұмысында Алматыдағы ауаның ластануына қатысты негізгі деректер, бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстыру жұмыстары жүргізілген.