Қайтарылған активтерді басқару компаниясы аукцион арқылы Астанада қымбат үйдің бірін саудаға шығарды, деп жазады Ulysmedia.kz.
ҮЙ ҚАЙДА ОРНАЛАСҚАН
Аукцион аясында Астана қаласы Нұра ауданы Қараөткел шағын ауданы Ерейментау көшесі, 1-құрылыс мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй сатылымға қойылған. Нысан барлық қатысушылар үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық және бәсекеге қабілетті шарттарда жүзеге асырылады.
Аукционның негізгі көрсеткіштері:
Саудаға қалай қатысу үшін Е-Qazyna платформасында тіркеліп, сауда басталғанға дейін кепілдік жарнаны енгізіп, аукционға қатысып, өз ставкаңызды жасауыңыз керек.
СОТТАСУ
Бұған дейін екі елде іздеуде жүрген Мәсімовтің күйеубаласы бұрынғы әйелімен соттасып жатқанын жазған едік.
Бітпейтін соттар, іздеу және отбасындағы дау-дамай – қашқын кәсіпкер Азамат Қапеновтың өмірі қазір осылай өтіп жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің күйеубаласы болған Қапенов 2022 жылы ықпалды қайынатасы қамауға алынғаннан кейін бірден із суытып кеткен. Содан бері ол Қазақстанда ғана емес, екінші азаматтығы бар Ресейде де іздестіріліп жатыр. Ulysmedia.kz Мәскеу соттарында Азамат Қапеновтың есімімен байланысты көп талап-арызды тауып алды. Ол Мәсімовтің қызы – Тамилла Кәріммен мүлікке байланысты соттасып жатқанын екі жыл болды. Қапеновтың туған анасы оны Мәскеу орталығындағы қымбат пәтерден қуып жіберген, ал Ресейдің құқық қорғау органдары кәсіпкерді алаяқтығы үшін халықаралық іздеуге жариялаған.