Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесшісін ауыстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АҚШОЛАҚОВ КЕТТІ
- Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды, делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ақшолақов 1971 жылы 9 сәуірде Гурьев қаласында (Атырау) дүниеге келген.Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, есеп және экономикалық кибернетика факультетін, мұнай-газ өнеркәсібінің білім беру орталығын бітірген. Мамандығы — «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды бағалау», «Мұнай өндіру экономикасы».
Еңбек жолын 1994 жылы Alem Bank Kazakhstan экономисі, бас экономисі болып бастаған. Ол түрлі қызмет атқарған. Соның ішінде кейінгі жылдары:
МЫРЗАҒАЛИЕВ
Ақшолақовтың орнына Мағзұм Мырзағалиев келді.
- Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, делінген Ақорданың хабарламасында.
Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында туған. Білімі: «Тұран» университеті (1999) Экономист. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясы (2003) Халықаралық қатынастар саласындағы маман. Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (2010) мұнай-газ кен орнын өндіру.
2001-2004 жылдары – «MI Drilling Fluids International» (Schlumberger) Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында бұрғылау ерітіндісі жөніндегі инженер, АҚШ және Малайзияда тағылымдамадан өтіп бастаған.
КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
2013 – 2014 жылдары – ҚР Мұнай және газ вице-министрі.
2014 –2019 жылдары – ҚР Энергетика вице-министрі
2019 жылдың 17 маусымынан бастап мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.
2021 жылы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды.
2022 жылдың 5 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет толық құрамда отставкаға кетті.
2022 жылдың 13 қаңтарынан 2022 жылғы 14 сәуірге дейін ҚР Президентінің кеңесшісі.
2022 жылдың сәуірінен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы