«Ұлтқа зиян әкеледі»: тарихшы жүз бен руды анықтау үшін ДНК тапсыруға қарсы пікір айтты

Сырым Қаржас

Тарихшы Жамбыл Артықбаевтан азаматтардың бірі «Кіші жүз генетикасы 80% – С2-м48. Сарматтардың моласынан сондай шықты ма?» деп сұраған. Осыған байланысты тарихшы пікірін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

АРТЫҚБАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Тарихшының Кіші жүз бір атадан тараған ел емес, бұл қазақтың үш жүзіне де, негізгі рулық құрамына да қатысты. Бірнеше мың жыл бір-бірімен мидай араласып жатқан Орталық Азияның көшпелі, тіпті отырықшы елдерін ДНК бойынша жіктеймін деу құр әурешілік, екінші жағынан бұл қоғамның бірлігін бұзатын әрекет дейді ол.

Соңғы кезде ел ДНК зерттейміз деген "мамандарға" наразылық білдіріп жатқаны да сол себепті.  Себебі  қазақта "алтау ала болса ауыздағы кетеді" деген мақал бар, ""ала қойды бөле қырыққан оңбайды"  деген сөз бар. Болашақта оларды ит қосып қуатын болады, – дейді тарихшы.

ДНК НЕ ҮШІН КЕРЕК

Жамбыл Артықбаевтың сөзінше, ДНК зерттеулерді кейбір аурулардың алдын алуға, себебін анықтауға пайдалануға болады, бірақ халықты жіктеуге пайдалану өте қауіпті. “Бұл әуесқойлық түбінде ұлтқа тек зияндық әкеледі. Біз бір атадан тараған соң қазақ болғанымыз жоқ, бір табиғи ортада , бір мемлекеттің туының астында, "Алаш ұранына қосылмағанды әкең де болса ұрып жық" деген ұранмен ел болдық. Біз әуел бастан саяси ұлт болып қалыптастық. Біздің мықтылығымыз да осында” дейді тарихшы.