Бабақұмаров мас күйде көлік айдағаны үшін алған жазасын өтеп шықты

Сымбат Сатыбалдина

Астанада Алматы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаров мас күйде көлік айдағаны үшін алған жазасын өтеп шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ulysmedia.kz коллажы

МӘН-ЖАЙ

Сот кабинетіндегі мәліметке сәйкес, Бабақұмаров 29 қаңтар күні сағат 03.15 шамасында Астана қаласы, Төлебаев көшесі бойында, «Toyota Land Crusier Prado» маркалы көлігін алкогольдік масаң күйде басқарған.

Ол жол жүру ережесінің 2-тарау 12-тармағының 2) тармақшасын бұзған. 2025 жылғы 29 қаңтардағы №1479 медициналық тексеру қорытындысына сәйкес жеңіл түрдегі алкогольдік масаң күйі анықталған.

Осылайша, көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқарған. Ержан Бабақұмаров ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

СОТ ШЕШІМІ

ӘҚБтК-нің 829-14-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот қаулы етті:

- Ержан Бабақұмаров Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылық әрекеттер жасаған деп танылсын, 15 (он бес) тәулікке 2 әкімшілік қамаққа алынсын және 7 (жеті) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалсын. Әкімшілік қамақ ұсталған мерзімі 2025 жылғы 29 қаңтар 03 сағат 15 минуттан бастап есептелсін, делінген сот қаулысында.

Әкімшілік қамаққа алу жазасының орындалуы Астана қаласының полиция департаментіне жүктелген.