Полиция Алматыда «Феминита» белсенділерін ұстап әкетті

Сымбат Сатыбалдина

 

Алматыда "Қазақстандық ата-аналар одағы" "Феминита" ЛГБТ ұйымының іс-шарасына баса көктеп кіріп, полиция шақырды. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео кадры

"Қазақстандық ата-аналар одағының" басшысы Бағила Балтабаева мен оның жақтаушылары Феминита қоғамдастығы ұйымдастырған құқық қорғау мектебіне келді.

МӘН-ЖАЙ

“Феминитаның” негізін қалаушылардың бірі Жанар Секербаева шақырылмаған қонақтарға отырып, ақпарат алуды ұсынған. Алайда олар бас тартып, бәрін видеоға түсіре бастаған. Шараға келгендер дауласа бастаған. 

- Мұндай мектептерді неге сүйеніп ашасыздар? Ақшаны жұмсап қалудың амалы ма?, дейді ол. 

Дау кезінде Бағила Балтабаева ендігіде ЛГБТ белсенділерінің барлық шарасына қатысатынын айтты. Сонымен қатар, ол полицияға хабарласып, шарада кәмелетке толмағандар отырғанын айтқан. 

Оқиға орнына полицейлер келіп, Жанар Секербаева мен оның әріптесі Гүлзад Сержанды полиция бөліміне алып кетті. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін азаматтық құқық қорғаушы, белсенді, «Феминита» ұйымының тең құрылтайшысы Жанар Секербаева АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) тарапынан тікелей немесе жанама қаржыландыруды жоққа шығарғанымен, Дональд Трамп пен Илон Маскты ақымақ сексист-мизогиндердің дуэті деп санайды және оның айтуынша, олардың әрекеті барып тұрған ақымақшылық. Ulysmedia.kz USAID-тің бүкіл әлем бойынша өз қызметін тоқтатуынан кейін Қазақстандағы үкіметтік емес сектордың жағдайы не болатынын қарастырып көрген болатын.