Сұмдық жағдай: Алматыда тәрбиеші кішкентай баланы қылқындырған

Сымбат Сатыбалдина

Алматыда балабақша тәрбиешісі кішкентай баланы қылғындырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео кадры

МӘН-ЖАЙ

Полиция Алматыдағы жекеменшік балабақшада болған жайтқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Желіде тараған видеода тәрбиеші кішкентай баланың аузын жауып, қылғындырып, демалдырмай тастайды. 

- Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша полиция бөлімі Бостандық ауданының полиция басқармасы жанынан қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады, дейді полицейлер. 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

Блабақшадағы видео әлеуметтік желіде тараған болатын. Жәбірленуші – төрт жасар бала. Анасының айтуынша, баласы тәрбиеші оны ұратынын айтқан. Осылайша анасы бейнебақылау камерасындағы видеоларды сұратқан. Ата-аналар тәрбиеші расымен балаларды ұратынына көзін жеткізген. Сол сәтте бөлмеде тағы екі қызметкер болған.