Ермек Көшербаев әкімдіктен кетіп, үкіметке қызметке келді

Сымбат Сатыбалдина

Ермек Көшербаев ШҚО әкімі қызметінен босатылып, жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАРЛЫҚ

- Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

КӨШЕРБАЕВ ТУРАЛЫ

Ермек Көшербаев 1965 жылғы 2 мамырда Алматы қаласында туған. 

C.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1982-1988) Тарихшы, шет тілінде оқытатын тарих пәнінің мұғалімі КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (1991-04.1993) халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады, дипломат.

КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРЫ АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТІ

• Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі (12.2014-10.2016);
• Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы (10.2016-05.2018);
• Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы (05.2018-01.2019);
• Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (01.2019-01.2020);
• Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.2020-16.06.2023);
• 2023 жылғы 16 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі болған.