Доллар құны 495 теңгеге түсіп кетті

Сырым Қаржас

Күндізгі сауда-саттықта доллар бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 495,28 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 2,67 теңгеге төмен.

Осы уақытта айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 498 теңгеге сатып алынады, 503 теңгеге сатылады.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы бұған дейін доллардың не үшін арзандап бара жатқанын түсіндірген еді.