"Санаториде жатқандай»: Айтбек Амангелді түрмедегі туған күн туралы айтты

Сырым Қаржас

Қоғам қайраткері Айтбек Амангелді ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеодан алынған кадр

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ulysmedia редакциясына 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысы бар деген күдіктілердің түрмеде туған күн тойлап, мәз-мейрам болып отырғанын көрсететін бейнежазба келіп түскен.

Бейнежазбада жас жігіттердің “Алиса” яндекс-станция арқылы музыка қойып, би билеп, торт бетіншегі шырақты үрлеген сәттері анық көрінеді және бұның бәрін олар бейнекамераға түсіріп алған.

Шерзаттың отбасына құқықтық көмек көрсететін қоғам қайраткері Айтбк Амангелді ІІМ ҚАЖК-ні сынға алды. Ол тергеу изоляторындағы жағдайды санаториймен салыстырды.

ЦИТАТА

Видеоға қатысты айтсам, біз не үшін заңға сүйенеміз, не үшін заңгер жалдаймыз? ІІМ, прокуратура, тергеу, ары қарай сот не үшін керек, егер біз қамауға алынғандарға санаторийдегі сияқты жағдай жасасақ? Әділдік қайда? Түрмеде де сол, барып тұрған заңсыздық, – деді ол

Қоғам қайраткері еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне қоғамдық бақылау енгізу қажеттігін атап өтті.  

Қамауға алынғандарды ұстайтын барлық мекемелерге қоғамдық бақылау енгізу қажет. Бұл демалып жататын және туған күн тойлайтын орын емес, түзету мекемесі екеніне көз жеткізу үшін тұтқындарды ұстау орындарына қоғамдық бақылау енгізу қажет, - деді Айтбай Амангелді.

Шерзат Полаттың өлімі

Естеріңізге сала кетейік, былтыр 4 қазанда 16 жастағы Шерзат Полат ата-анасының көзінше қатыгездікпен адам қолынан қаза тапты. Марқұмның  туыстары наразылық білдіріп, істі әділ тергеуді талап етті. 12 қазанға қараған түні Шерзат Полаттың отбасының үйі өртеніп кетті. Полиция бұл қасақана өртеу екенін растады.

9 қазанда Шерзат Полаттың ағасы асылып қалды. Ал отбасының бірнеше мүшесі жерлеу рәсімінен кейін ұсталды. Талғарда қаза тапқан Шерзат Полаттың немере ағасы Мейірбек Реймов Президенттен көмек сұрады.

Биыл 21 қаңтарда адвокат Карина Көшербаева 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын хабарлады