Алматыда заңсыз құрылыстарға рұқсат берген экс-сәулетші сотталды

Сымбат Сатыбалдина

Алматының сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы Алмасхан Ахмеджанов заңсыз құрылыс келісім берді деп және мемлекеттік жерлерге байланысты алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

СОТ ҮКІМІ

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ахмеджановқа 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне өмір бойына тыйым салынды.

Тергеу барысында Ахмеджановтың заңсыз құрылысқа рұқсат беріп, мемлекеттік жерлерді пайдалану кезінде алаяқтық әрекеттерге барғаны анықталды.

АХМЕДЖАНОВ ҮКІММЕН КЕЛІСПЕДІ

Сот отырысында Ахмеджанов өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын және айыптау актісін түсінбейтінін мәлімдеді.

Бұған дейін Ulysmedia бұрынғы бас сәулетшіге тағылған айыптар мен оның сыбайластары туралы егжей-тегжейлі зерттеу жүргізген.

Ахмеджановтың қорғаушылары сот үкімін қайта қарау туралы өтініш бере ме, жоқ па – бұл жағы әзірге белгісіз.