Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде қаза тапқан кеншілердің суреттері жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Компания қаза тапқан қызметкерлердің суреттерін жариялап, арнайы жазба шығарды.
- Бүгін біз үшін орны толмас ауыр күн. «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері – біздің үлкен отбасымыз және әрқайсының өмірі біз үшін баға жетпес құндылық.Қайғылы оқиғада қаза тапқан жеті әріптесіміздің отбасына, жақындарына және барша туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл — біз үшін орны толмас ауыр қайғы. Әрбір қызметкеріміздің амандығы – біздің басты құндылығымыз. Біз бұл жағдайды терең зерттеп, тиісті шара қабылдаймыз. Қазіргі уақытта құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтауда. Біз барынша қолдау көрсетеміз, делінген мәлімдемеде.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін кейінгі 15 жылда «Қазақмыс» кәсіпорындарында қанша қызметкер қаза тапқанын жазған едік.
ҚАЗАҚМЫСТАҒЫ АПАТ
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің жеті қызметкерінің денесін тапты.
ШАХТАДАҒЫ АПАТ
17 ақпан күні кешке Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде тау-кен массасы құлаған. Сол жерде шахтаның жеті қызметкері болды. Кабельдердің үзілген соң жұмысшылармен байланысу мүмкін болмаған.