Қазақстанның астығы қайда кетіп жатыр

Ілияс Бақыт

Теміржол арқылы астық тасымалдау бойынша жедел деректерге сәйкес, биылғы қыркүйек айынан 16 ақпанға дейін 6,7 млн тонна астық жеткізілді. Оның 1,4 млн тоннасы Қазақстан ішінде, ал 5,3 млн тоннасы экспортқа жөнелтілді. Астық экспортының көлемі 48,3%-ға артты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz\ЖИ

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Өзбекстанға 2 млн тонна астық экспортталған, бұл 2023/2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34,9%-ға көп. Тәжікстанға — 789 мың тонна (47%-ға өсім), Қытайға — 679 мың тонна, Ауғанстанға — 235 мың тонна (37%-ға өсім).

Иранға жеткізілім 20 есе өсіп, 644 мың тоннаға жетті, ал Әзербайжанға тасымал 79 есе артып, 319 мың тоннаны құрады.

Сонымен қатар, «ҚТЖ» деректері бойынша, 1 қаңтардан 16 ақпанға дейін 352 мың тонна ұн тасымалданды. Оның ішінде экспорт көлемі 238 мың тоннаны құрап, 9,6%-ға өсті.

Ұнның негізгі импорттаушылары — Орталық Азия елдері, Қытай, Ауғанстан және басқа да мемлекеттер.