Теңге негізгі валюталардың барлығына қатысты нығайды

Ulysmedia коллажы

Дүйсенбіде теңге негізгі валюталардың барлығына қатысты нығайды. KASE-дегі доллардың орташа бағамы 448,48 теңге болды. Бұл жұма күнгі көрсеткіштен 2,65 теңге төмен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Биржада (KASE) еуро 2,97 теңгеге арзандап, 501,69 теңге болды. Рубль 0,02 теңге төмендеп, 5,35 теңге болды. Юань 0,49 теңге арзандап, 66,97 теңгеге жетті. Доллар бойынша сауда-саттық көлемі 290,6 млн доллар болды.

Алматыдағы айырбастау пункттері

Долларды 449,5-450,2 теңгеден сатып алып, 451-451,9 теңгеден сатады. Еуроны 500-502 теңгеден сатып алып, 503,9-507 теңгеден сатады. Рубльді 5,17-5,23 теңгеден сатып алып, 5,24-5,29 теңгеден сатады.

Астанадағы айырбастау пункттері

Долларды 446 теңгеден сатып алып, 453 теңгеден сатады. Еуроны 449-499 теңгеден сатып алып, 509 теңгеден сатады. Рубльді 5,15 теңгеден сатып алып, 5,35 теңгеден сатады.

Контекст

Бұған дейін экономист Руслан Сұлтанов қазақстандықтардың теңге бағамына неліктен ешқашан көңілі толмайтынын түсіндірген.

– Біз теңгенің нығайғанын, несиенің арзан болғанын және депозит бойынша пайыздың жоғары болғанын қалаймыз. Әр тілегіміз жеке алғанда орынды. Бірақ үшеуі бір уақытта үйлеспейді, – деп атап өтті экономист.

Оның айтуынша, теңгені нығайту үшін қатаң ақша-несие саясаты қажет. Жоғары базалық мөлшерлеме несиені қымбаттатып, импортқа деген сұранысты тежейді. Алайда мұндай қымбат ақша бизнеске де, ипотека алушыларға да кері әсер етеді.