Қытай лобстерінен уланған балалар: полиция қылмыстық іс қозғады

Ілияс Бақыт

Ақтөбе облысындағы оқушылардың улануы жағдайында  оқиғаның жаңа детальдары белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Қытай лобстерінен кейін түгел сынып ауруханаға түскен. Бірақ оқушылардың біразы кешкісін үйіне жіберіліп тек тоғыз оқушы дәрігерлер бақылауында қалған.

Бізге жеткен ақпаратқа сәйкес сол қытай лобстерін сатқан дүкен қазіргі таңда жабық тұр.

Ал полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған. 

“Полиция мектеп оқушыларының жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Кінәлілер анықталған жағдайда, оларды Қылмыстық кодекстің 306-бабы "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету" бойынша  жауапқа тартылады”- деп жазылған. 

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

18 ақпанда Қобда орта мектебінің бірнеше оқушысы Қобда аудандық ауруханасына улану белгілерімен түскен. Белгілі болғандай, оқушылардың бірі мектепке оқу орнынан тыс жерден сатып алынған белгісіз өнімді әкелген. Оны тұтынған жеті бала сол сәтте өзін нашар сезінген, қалғандарына иіс тиген.

ДҮКЕНДЕРДІ ЖАППАЙ ТЕКСЕРІП ЖАТЫР

Белгілі болғандай, 4-ші сыныптың оқушысы Қобдадағы дүкеннен Қытай елінде шығарылған лобстер дәнін мектепке алып келген. Балаларға бөліскен.

“Яғни, балалардың улануына мектеп асханасының қатысы жоқ” дейді ресми органдар. 

Осы жағдай бойынша дүкенге жоспардан тыс тексеру басталған. Тексеру барысында өнімнің растайтын құжаттамасы, техникалық талаптарға сай таңбалары болмай шыққан. 

Қазір Ақтөбе қаласындағы 45 дүкен тексеріліп, екі өнім табылып, зертханаға тапсырылған.