«Трамп көкеден қызтекелерге сәлем»: ҰҚК депутаттардың ЛГБТ-ға қарсы сауалына не деп жауап берді

Аян Өрібай

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәжіліс депутаттарының ЛГБТ қозғалысына қарсы сауалына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

ҰҚК ТӨРАҒАСЫ НЕ ДЕЙДІ

ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевтің депутаттарға берген жауабында ЛГБТ-ға қарсы петиция E-Petition.kz интернет ресурсында 2024 жылы 29 мамырда орналастырылғанын хабарлайды. Аталған петицияны мәдениет және ақпарат министрлігі қарап, мемлекеттік органдардың өкілдерінен, парламент депутаттарынан, қоғамдық бірлестіктерден және өтініш берушіден тұратын жұмыс тобын құрған. Қарау нәтижелері бойынша петицияны ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылданған.

Депутаттарды қорлау және олардың қызметін жүзеге асыруына байланысты ақпараттық шабуылдар шеңберіндегі қылмыстық кодекстің басқа да баптары ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеуіне жатпайды, – дейді жауабында Сағымбаев.

ЖАҢБЫРШИННІҢ САУАЛЫ

Еске сала кетейік, бұған дейін депутат Еділ Жаңбыршин бастаған бір топ депутат ЛГБТ-ны қолдап, мәжіліс депутаттарына ақпараттық шабуылдарды ұйымдастырған тұлғаларды тауып, жазалауды ұсынған еді. «Қызтекелерге Дональд көкеден сәлем» деп бастаған сауалын депутат. Жаңбыршин әлемдік саясатта елеулі орын алып, бүкіл халықаралық қауымдастықты өзіне қаратқан АҚШ президентінің ресми ұлықтау рәсімі өткенін еске салған. Дональд Трамп бұдан былай екі жынысты бекіткенін, яғни АҚШ-та ер мен әйел жынысы заңмен шегеленгенін айтқан. АҚШ президентінің шешімі мәжіліс депутаттарының ЛГБТ-ға қарсы ұстанымымен ұштасқанын мәлім еткен.

Жаңбыршин үкіметке жоғарыда аталған петиция талаптарын толық қанағаттандыруды, соған сәйкес тиісті шараларды қарастыруды, ЛГБТ-ны қолдап, мәжіліс депутаттарына ақпараттық шабуылдарды ұйымдастырған тұлғаларды тауып, жазалауды ұсынған.

ЗАЙЫТОВТЫҢ САУАЛЫ

Бұған дейін дәл осындй сауалды депутат Ринат Зайытов үкіметке жолдаған еді. Айтыскер ақын өзінің сауалын шегіне жеткен шыдамның, тапталудан төзімі таусылған намыстың, ащы дауысы деп түсінуді сұраған.