Қазақстанда бюджет қызметкерлерінің айлығы мен зейнетақысы өседі

Сырым Қаржас

Бұл жайлы Taldau Talks подкастында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары әрі ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

Заң бойынша біз инфляция деңгейінде зейнетақыны, бюджет қызметкерлерінің, мұғалімдердің, дәрігерлердің жалақысын өтеуіміз керек. Соны жасап жатырмыз. 20 пайыздық мөлшерлемемен бұл 800 миллиард теңге болды. 16 пайыздық мөлшерлемемен 500-550 миллиард теңге. АӘК-ті де көбейтеміз. Қазір ол 200 мың адамға шаққанда 40-45 миллиардты құрайды. Бізде не қалады? Тұрғын үй көмегі. Біз, әрине, тарифтердің өсуіне байланысты оны көбейтіп, өтейміз, - деді Жұманғарин.

Еске сала кетсек, Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеп жатқанын хабарлағанбыз. 

Сондай-ақ бизнесвумен, Салық альянсының мүшесі Жанар Сүлейменова Қазақстан үкіметінің ҚҚС ставкасын 20 пайызға дейін көтеру туралы ұсынысына үн қатып, бастамаға қарсылық білдірді. 

Экономикалық даулар саласындағы адвокат, бұрынғы салық кеңесшісі Жангелді Сүлейманов те Үкіметтің Қазақстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) ставкасын 20 пайызға дейін көтеру идеясымен келіспейтінін жеткізді. Кейін үкімет бұл салықты 16 пайыз болатынын айтты.