Әкімдер мен орынбасарлары 10 миллион теңге айыппұл төлеген

Ілияс Бақыт

2024 жылы Қазақстанда 164 шенеунік экологиялық заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

АЙЫППҰЛ АРҚАЛАҒАН ШЕНЕУНІКТЕР

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиевтің хабарлауынша, 2024 жылы Қазақстандағы 2447 елді мекенде 4886 рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындар анықталып, олардың 4423-і немесе 91%-ы жойылған.

“Осы заң бұзушылықтар үшін 164 лауазымды тұлға (әкімдер мен олардың орынбасарлары) 9,3 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Оның ішінде 60-тан астам адам аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары деңгейінде жауапкершілікке тартылған”,- дейді Әлиев.

БҰҒАН ДЕЙІН

Шығыс Қазақстанда ауыл округінің әкімі мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін жазаланған еді.

 

ЗАҢНАМА БҰЗЫЛҒАН

Самар ауылдық округінің әкімі мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып, басқа әлеуетті жеткізушілердің тендерге тең қатысу мүмкіндігінен айырып, бір көзден бір ғана ЖШС-мен негізсіз екі шарт жасасты.

Келісімшарттардың жалпы сомасы 20 млн теңгеден асты. Бұл қаражатқа қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонға қоршау  және аудан орталығына бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстары сатып алынған. Алайда, соңғы шарт бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін ішінара төлем жасалған.