Оқу-ағарту министрлігі некені тіркеу кезінде жас жұбайларды «ата-аналар мектебінен» өтуге міндеттеуді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ведомство үкіметтің «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізуді ұсынды. Ұсыныстар жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды және биылғы 26 ақпанға дейін жария талқылауда болады.
Құжатта басқа толықтырулармен қатар «ата-аналар мектебінен» міндетті түрде өтуді енгізу ұсынылған.
Толықтыруларда азаматтардың некені тіркеу кезінде ата-аналар мектебінен міндетті түрде өтуі, жүктілік және бала туу бойынша скринингтерден өту, 3 жасқа дейінгі баланы бақылау, баланы балабақшаға және Отбасын қолдау орталықтарындағы мектепке қабылдау туралы мәселені пысықтау көзделген, – деп жазылған құжатта.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның қоғамдық даму институты елдегі неке мен ажырасудың жай-күйіне талдау жариялаған. Институт мәліметтері бойынша, 2023 жылы 120 851 неке тіркелген, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 13,4%-ға аз (139 504).