Жолға шықпаңыз - қай өңірлерде жол жабық

Ілияс Бақыт

Қазақстанның үш облысында жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz\ЖИ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

24 ақпан күні сағат 18:00-ден бастап келесі жол учаскелерінде қозғалыс тоқтатылды:

  • Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тас жолы (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін);

  • Жақсы – Есіл – Бузулук тас жолы (Ақсай ауылынан Сұрған ауылына дейін);

  • Жезқазған – Петропавл тас жолы (Бузулук ауылынан Сұрған ауылына дейін).

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

  • Үшарал – Достық – ҚХР шекарасы тас жолы (Көктұма ауылынан Достық станциясына дейін).

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

  • Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тас жолы (Тобылдан Ақмола облысының шекарасына дейін).