Сарыөзекте сарбаздың өлімінен кейін бірқатар әскери шенді қызметінен босатылды

Аян Өрібай

Қорғаныс министрлігінің өкілі бүгінгі баспасөз мәслихатында аталған істі тергеу әлі аяқталмағанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев бүгін баспасөз мәслихаты барысында аталған іс бойынша бас қолбасшының комиссиясы әскери бөлімде толыққанды жұмысын атқарып жатқанын айтады.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар әскери қызметкерлер, шенділер қызметінен босатылды. Басқа да жазала алды. Ары қарай тергеу барысында қорғаныс министрлігі қоян-қолтық әріптестерге көмектесіп жатырмыз. Әрине, тергеу амалдары ашық өтіп жатыр. Оған біз өз көмегімізді беріп жатырмыз. Бәрі әділ өтеді, – деді ол.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

14 қаңтар күні Сарыөзек гарнизонында жаттығу алаңында жүргізілген далалық сабақтар барысында мерзімді қызметтегі сарбаз атыс қаруынан оқ тиіп, қаза болған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға қарумен жұмыс істеу ережесінің бұзылған кезде болған. БАҚ-қа тараған ақпаратта қатардағы сарбаз АК-74 автоматын жерге тіреген сәтте байқамай өз кеудесіне оқ атқан деген болжам айтылған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің “қару-жарақпен жұмыс істеу қағидаларын бұзу” (462-бап, 2-бөлік) бабы бойынша іс қозғалған.

АТА-АНАСЫ СЕНБЕЙДІ

Қаза болған сарбаз жетісайлық сарбаздың ата-анасы ұлы “Калашников автоматынан өзіне оқ атты” дегенге сенбейді. Олар ұлдарының өлімін әділ тергеуді талап етіп отыр. Айтуларынша, оқиға полигонда болған. Дастан Құрманбек қаза болмай тұрып, бір күн бұрын әкесі гарнизонға барып келген. Сонда ұлының жүзінен қандай да бір қорқынышты байқаған. Бірақ ұлы ештеңе ашып айтпаған. Туыстарының сөзінше, оқ атылған Калашников автоматының өзі де Дастан Құрманбекке тиесілі емес. Туыстарына берілген құжатта Дастан Құрманбектің Кербұлақ ауруханасында көз жұмғаны жазылған. Туыстары марқұмнынан денесінен зорлық-зомбылық іздері байқалмағанын айтты.