БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан шекарашы қайтыс болды

Сымбат Сатыбалдина

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан шекарашы қайтыс болды. Полиция мәліметінше, жол апатына қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА

Жол апаты 24 ақпанда Қазталов – Өнеге – Жәнібек тасжолында болған. 

Ford Focus жүргізушісі жүк көлігін басып озамын деп қарсы жолаққа шығып, Chevrolet Cobalt-пен соқтығысқан. Салдарынан үш адам қаза тауып, Ford Focus-та отырған төрт жолаушы зардап шеккен. 

“Мой город” мәліметінше, қаза тапқандардың бірі шекара қызметшісі. 

Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.