Ақсуда 7 жасар бала зорланған: партияның бұрынғы қызметкері өмір бойы түрмеге қамалуы мүмкін

Сырым Қаржас

Жетісу облысында жеті жасар баланы зорлау ісі бойынша үкім жақын арада шығарылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Орда.кз басылымының мәліметінше, айыпталушы Сериккан Жақұпов өмір бойы түрмеге қамалуы мүмкін. 

AMANAT партиясының бұрынғы қызметкері әрі Ақсу ауданы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы былтыр жазда ұсталған. Сол кездегі мемлекеттік қызметкерге қатысты арызды оның туысы жазып, жеті жасар ұлымды зорлады деп айыптады. Кейін сараптама бұл мәлімдемені растады.

Бүгін сотта прокурор Ерлен Жантасов Жақыповқа өмір бойы қамау жазасын талап еткен. 

Сериккан Жақұпов 2020 жылдың күзіне дейін Ақсу ауданы әкімі аппаратын басқарған. 2021 жылы мемлекеттік қызметшілер арасындағы этика мәселелері жөнінен уәкілетті ретінде қызмет атқарды. Ал 2024 жылдың 31 наурызында оны аудандық мәслихат депутаты ретінде сайлады.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Ақсу аудандық полиция бөлімі бұған дейін кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлаған еді. Күдікті ұсталып, қамауға алынған.