Қызылордада ағашты тамырымен кесіп тастағандар желіде наразылық тудырды

Ulysmedia.kz коллажы

Қызылордада теректі түп тамырымен кесіп тастағандардың әрекеті желіде наразылық тудырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы желі қолданушысы Нұрлан Жақыпбеков хабарлады. 

- “Таза Қазақстан” экологиялық шарасын өткізгеннен не пайда? Біреудің бизнесі үшін алып теректі түп тамырымен кесіп тастап жатса…, дейді ол. 

Бұл видеоға қатысты “Жасыл Қызылорда” өкілдері жауап берген. 

- 2025 жылдың 24 ақпанында Ғ. Мұратбаев көшесінің бойында орналасқан талды жасарту мақсатында бұтақтарын қысқарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, делінген жауапта. 

ОБЛЫС 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қызылорда облысын 2022 жылдың 7 сәуірінен бері Нұрлыбек Нәлібаев басқарып отыр. 

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН

2023 жылы Тоқаевтың бастамасымен еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясы басталған болатын. 

Сізге қызық болуы мүмкін