Мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа шегі бекітілді

Ілияс Бақыт

Қазақстанда мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа шегі бекітілді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ulysmedia коллажы

БАҚЫЛАУДЫҢ ЖАҢА ШЕГІ БЕКІТІЛДІ

Мәжіліс кулуарында журналистер мобильді аударымдарды бақылау бойынша түпкілікті шешімді сұраған.

"Біз соманы 255 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ұлғайттық. Егер үш ай ішінде жиынтығында 1 миллион теңге болса", - деп хабарлады Біржанов.

ТҮСІНДІРМЕ

Банктер  үш ай бойы әртүрлі адамдардан 100-ден астам аударым алатындар туралы деректерді салық органдарына тапсыруға міндетті. Бұл ретте ақша аударылатын шот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған болуы керек.