«Украина мен АҚШ арасында достық қайда?» Зеленский Трамппен арадағы кикілжіңнің себебін айтты

Сырым Қаржас

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөз кезінде неге ашуланғанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Ашық дереккөздерден алынды

ТОЛЫҒЫРАҚ

Зеленский Fox News журналистеріне Ақ үй қожайынымен неге кетісіп қалғанын түсіндірді. Ол соғыс туралы сөз қозғағанда сауатты болу керектігін және бұл сөз таластыру «екі жаққа да жақсы болмағанын» айтты.

Мәселен, олар «Украина құрып кете жаздады, сарбаздары қашып кетті, олар сужүрек, Украина миллиондаған бейбіт тұрғынынан айырылды, президенті диктатор» деп айтты. Сонда Украина мен АҚШ арасындағы достық қайда? - деді ол.

Журналист Зеленскийден «бұл кикілжің алдын ала жоспарланған болуы мүмкін бе» деп сұрады, Украина президенті білмейтінін айтты. Ол тек бұл «өте қиын жағдай» екенін атап өтті, өйткені тараптар ашық және тікелей диалог жүргізді.

Сондай-ақ Зеленский журналистің Трамппен қарым-қатынасты қалпына келтіру мүмкіндігі туралы сұрағына «бұл мүмкін» деп жауап берді. Бұл жерде мәселе екі президенттің қарым-қатынасында ғана тұрған жоқ, екі елдің тарихы терең мызғымас байланысында жатқанын айтты.  

Әрине, президентке рахмет, Конгреске рахмет және бірінші кезекте сіздердің халыққа рахмет. Сіздердің халық біздің адамдарды құтқаруға көмектесті, – деді Зеленский.

АҚ ҮЙДЕГІ КИКІЛЖІҢ

Естеріңізге сала кетейік, 28 ақпанда бүкіл әлем жұрты АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленский арасындағы кездесудің немен аяқталғанын тікелей эфирден көрген. Хаттама қызметінің өкілдері мен сол жердегі журналистер Ақ үй қабырғасында бұрын-соңды мұндай кездесу болмағынан айтты.