Қазақстанда өткен тәулікте 718 адам коронавирус індетінен емделіп шықты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мұнда аймақтар тұрғысында: Нұр-Сұлтан қаласы - 112, Алматы қаласы - 45, Шымкент қаласы - 25, Ақмола облысы - 58, Ақтөбе облысы - 13, Алматы облысы - 5, Атырау облысы - 15, Шығыс Қазақстан облысы - 40, Жамбыл облысы - 19, Батыс Қазақстан облысы - 16, Қарағанды облысы - 109, Қостанай облысы - 58, Қызылорда облысы - 1, Маңғыстау облысы - 4, Павлодар облысы - 99, Солтүстік Қазақстан облысы - 94, Түркістан облысы - 5. Жалпы Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 958995.
28 желтоқсан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдайға қарасақ, ПТР арқылы 393 адам коронавируспен ауырғаны расталды.
16 977 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 2 524 пациент стационарда, 14 453 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 221 адамның жағдайы ауыр, 67 пациенттің жағдайы өте ауыр, 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен.
Бүгінде елімізде I компонентте 8 965 031 адам коронавирус дертінен вакцина салдырса, II компонентте 8 488 453 адам тиісті екпе жасатқан.