Ескертуді елемеген - Жамбыл облысында 21 адам боранда қалып қойған

Сымбат Сатыбалдина

Жамбыл облысында 21 адам қар құрсауында қалған. Оның ішінде балалар да бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео кадры

МӘН-ЖАЙ

ТЖМ құтқарушылары 21 адамды құтқарды. 

Оқиға Жамбыл облысы Жуалы ауданы «Б. Момышұлы-Көлтоған-Қошқарата-Қызтоған» автожолының Күреңбел ауылының маңында, сондай-ақ Ертай ауылының жанында болған. 5 жеңіл көлік қар құрсауында қалып койды. Көлік ішінде 21 адам, оның ішінде 3 бала болды.

ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жол талғамайтын көлікпен жедел келіп, құтқарылғандарды Күреңбел ауылына эвакуациялады. Медициналық көмекке олар мұқтаж болған жоқ.

ЕСКЕРТУ

ТЖМ ауа райына байланысты ескертулер туралы хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды және алыс жолға шығар алдында барлық қажетті сақтық шараларын сақтауды ескертті.