Лукашенко Беларусьте сирек кездесер металдар қорын табуды тапсырды

Сырым Қаржас

Беларусь президенті Александр Лукашенко үкіметке сирек кездесетін металдар қорын табуды тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Лукашенко тапсырманы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министріне жүктеген. Сондай-ақ, сирек металдарды іздеу мәселесінің беларусьтік мамандардың назарынан тыс қалып отырғанына көңіл аударған.

Сирек металдарын АҚШ-та тек Трамп айтып жүр. Ал сіздер мұны әлі ойланған жоқсыздар. Жерде олардың көп болуы мүмкін емес. Бәлкім, бізде де өзгелерден кем емес шығар? Сирек металдар – бұл болашақ, сондықтан «қазу керек, жерімізде не бар екенін көру керек, – деді ол.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаны пайдалы қазбалар жөніндегі келісімді бұзды деп айыптағаны хабарланған болатын.

ТРАМП ПЕН ЗЕЛЕНСКИЙДІҢ ДАУЫ

28 ақпанда Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуі бүкіл әлемнің назарына ілінді. Кездесудің шиеленісті сипаты мен күтпеген нәтижесін атап өтпегендер кемде-кем. Келіссөздердің қалай өрбігенін Ulysmedia.kz осы мақалада толық зерттеп, сараптап көрген еді.