Нұр-Сұлтанда автобус пен көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

Ulysmedia

Оқыс оқиға бүгін таңертең тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің ақпараты бойынша 29 желтоқсан күні сағат 9:42-де «Toyota» маркалы жеңіл автокөлігінің 36 жастағы әйел-жүргізушісі Қарағанды - Нұр-Сұлтан тас жолының бойымен жүріп, рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, №304 маршруттық автобуспен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады.

«Автобус жолаушыларының арасында зардап шеккендер жоқ екенін қосымша хабарлаймыз. №304 маршруттық автобустың жүргізушісіне қатысты екінші тараптың кінәсінен 2 рет жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жолаушылар көлігіндегі еңбек өтілі 39 жылдан асады», - деп хабарлайды CTS компаниясынан.