Қазіргі уақытта доллар 495,40 теңге деңгейінде саудалануда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
САРАПШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мәліметінше, сауда көлемінің артуына байланысты доллар бағамы 496 теңгеге дейін төмендеген.
- Ұлттық валютаны қолдайтын факторлар қатарында ұлттық банк пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шетел валютасын конвертациялауы, сондай-ақ нарық қатысушыларының елдегі ұзақ демалыс күндеріне дайындығы болуы мүмкін. Дегенмен, мұнай бағасының өзгеруі мен рубльдің әлсіреуі теңгенің одан әрі нығаюына кедергі келтіруі мүмкін. Осыған байланысты ҚҚҚ жүргізген наурыздағы сауалнама нәтижесі бойынша, сәуір айының басында доллар бағамы 510,2 теңге деңгейінде болады деп күтіліп отыр, делінген хабарламада.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, күні кеше Қазақстанда доллар бағамы күрт төмендегенін хабарлаған едік.