Алматыны дүңгіршектер мен күш сынайтын аппараттардан тазартып жатыр

Сырым Қаржас

Алматыда қала көшелерін «жаулап» алған заңсыз дүңгіршектер мен күш сынайтын аппараттардан тазартып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

@atasotandas

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақпан айының басынан бастап 300-ден астам нысан, оның ішінде 222 күш сынайтын аппарат орнынан алынды.

Бұл кампания қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша мегаполис тұрғындарына жайлы жағдай туғызу мақсатында жүзеге асырылып жатыр.

Бастама қарапайым халық тарапынан қызу қолдау тапты. Өйткені мұндай дүңгіршектер мен күш сынайтын аппараттар көп жағдайда адамдар жүретін жолдың үстіне қойылған және олар санитарлық нормаларға сай келмейді. Оның үстіне өте шулы.

Жоспар бойынша қалған 200-ден астам нысанды бөлшектеу жұмыстары 15 наурызға дейін аяқталуға тиіс.