8 наурыз қарсаңында Алматы мен Астана түстен кейінгі уақытта көлікке "кептеліп" қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АСТАНА – АЛМАТЫ
Сағат 15:10-дағы жағдай бойынша 2GIS деректері бойынша, Астанада көлік кептелісі 8 баллды көрсетіп тұр. Қала тұрғындарының сөзінше, бұл мұндай уақытта сирек кездесетін жағдай.
Алматыдағы жағдайда дәл осындай. Оңтүстік астанада көлік кептелісі 10 балды көрсетіп тұр.
8 НАУРЫЗҒА ОРАЙ БЕРІЛЕТІН ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ
Биыл халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) сенбіге түседі. Демалыс күндерін ауыстыру қағидаларына сәйкес, қосымша демалыс күні 10 наурызға (дүйсенбі) белгіленген.
Демалыс кестесі:
Бес күндік жұмыс аптасы бойынша: 8, 9 және 10 наурыз – қатарынан үш күн демалыс.
Алты күндік жұмыс аптасы бойынша: 8 және 9 наурыз – демалыс, бірақ 10 наурыз (дүйсенбі) жұмыс күні болады.