Үндістанда ескі көліктерге жанармай құюға тыйым салынды

Сырым Қаржас

Үндістан астанасы Нью-Делиде экологияны қорғау үшін ескі көліктерге жанармай құюға тыйым салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөздерден алынды

ТОЛЫҒЫРАҚ

Үндістан үкіметі тиісті бұйрық шығарды және сөзден іске көшті. Биылдан бастап зауыттан шығарылғанына 10 жыл болған кәдімгі қозғалтқышы бар дизельмен жүретін көліктерге, сондай-ақ 15 жыл болған бензинмен жүретін көліктерге жанармай құюға тыйым салынды. Бұл 2015 жылдан бері осындай көліктерді пайдалануға шектеу қойылған қалалардың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған қадам.

Жанармай құю станцияларында жасанды интеллект көмегімен көліктердің шыққан жылын олардың нөмірі арқылы анықтайтын камералар орнатылған.

Жергілікті экологтар бұл жаңашылдықты қос қолып көтеріп қолдағанмен көлік жүргізушілерінің дені наразылық білдіріп жатыр. Олардың пікірінше, мұндай шешім мәшіндерге жұмсалатын шығынды көбейтіп, қоғамдық көліктерге деген сұранысты күрт арттырады.