Қазақстан Лондондағы сотта Канаданың уран компаниясын жеңіп шықты

Аян Өрібай

Қазақстан Канаданың World Wide Minerals уран компаниясымен соттасып, дауда жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Жаңа сот шешіміне сәйкес, Қазақстанның аталған компания алдында ешқандай міндеттемесі жоқ. Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли бүгін ОКҚ алаңында осылай деп хабарлады.

Процес Лондонның жоғарғы сотында өткен. Бұған дейін сот Қазақстанның канадалық компанияға 65 миллион доллар төлеуі керек деп шешкен болатын. Ведомство ағылшын соттарындағы апелляциялық процестің өте жоғары стандарттарын атап өтті.

Осы негізде апелляциялардың 2%-дан азы ғана сәтті аяқталады. Бұл ретте Қазақстан айтарлықтай бюджет қаражатын үнемдеп, елдегі инвестициялық климаттың тартымдылығын және халықаралық аренадағы имиджін сақтап қалды, – делінген хабарламада.

Даулы процесс2013 жылдан бері жалғасып келеді. Қазақстан үкіметі Степногор тау-кен химия комбинатын (сол кездегі атауы – Целинный) сенімгерлік басқару туралы келісімшартты бұзған. Бастапқыда талап арыз сомасы 1,9 миллиард долларды құраған.

СТАТИ ІСІНЕ НҮКТЕ

Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банк және Стати тараптары Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауымен Қазақстандағы мұнай-газ активтері туралы ұзақ мерзімді дауды реттеу үдерісін сәтті аяқтағаны бұған дейін хабарланған еді.