Көкшетауда төтеншеліктер ер адамды өрттен құтқарды

Ulysmedia

Көкшетау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Жалын 4 отбасыға арналған барак түріндегі үйдегі пәтерлердің бірінде тұтанған. Құтқарушылар өрттенген пәтердің ішінен түтінге уланған ер адамды ес-түссіз күйінде тауып алған. Өрт сөндірушілер дереу реанимациялық әрекеттер жасап, ер адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

“Өрт 10-35-те ауыздықталып, 10-55-те  толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД 23 қызметкері мен 4 бірлік техника шықты. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы”,- деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.