Каспий жағалауынан 30-ға жуық итбалық табылды

Сымбат Сатыбалдина

Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауындағы итбалықтардың мониторингі жалғасуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

gov.kz

МОНИТОРИНГ

7-9 наурыз аралығында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдерімен және «Микробиология және вирусология» ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлерімен бірлесіп Каспий теңізінің жағалау жиегіне мониторинг жүргізді.

Қазіргі уақытта ауа райы жақсарды және итбалықтардың көпшілігі табиғи ортаға өздігінен оралды. Іздеу жұмыстары барысында мамандар 30-ға жуық жас итбалықтарды тауып, жинап, суға жіберді.

Мониторингті жалғастыру үшін 2025 жылғы 12 наурызда жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өңірді ұшып аралау жоспарланған. Негізгі мақсат-теңізден едәуір қашықтыққа кеткен итбалықтарды анықтау.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда бұрынғы резиденцияның маңынан екі итбалық өлі табылған еді. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, жануарлар президенттің экс-резиденциясының маңында, Ақшұқыр ауылына жақын жерде табылған.