«Бұл сұраққа нүкте қойдым»: Сабина Алтынбекова жеке өміріндегі жайтты ашық жазды

Сымбат Сатыбалдина

Танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова жеке өміріне қатысты сұраққа нүкте қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: instagram

МӘН-ЖАЙ

Спортшы Instagram Stories-те кәсіпкер Саят Салманұлымен ажырасып кеткенін мәлімдеді. 

— Ажырасып кеттіңіздер ме?
— Иә, мен ресми түрде тұрмыста болғанмын, енді ресми ажырастық. Бұл сұрақ бұған дейін өте көп қойылды, енді нүктесін қойдым, – дейді Алтынбекова.

Спортшы күйеуімен үш жыл бірге тұрған. 2020 жылы Сабина кәсіпкерге тұрмысқа шығып, 2021 жылы ұлдары өмірге келген.