Сәрсенбі күні сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 489,59 теңгеге жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, сәрсенбі күні ұлттық валюта аздап әлсіреген. Алдыңғы күнгі айтарлықтай нығайғаннан кейін кері қайту үрдісін көрсетті.
Сауда көлемі 209,8 млн долларға дейін төмендеп (-60,3 млн), бұл белгілі бір деңгейде сұраныстың төмендегенін көрсетеді. Бір жағынан, сатып алу бағамының тартымдылығы кейбір ойыншыларды шетелдік валютаны сатып алуға ынталандырған болуы мүмкін. Алайда екінші жағынан, шетел валютасын сатуға қосымша ынталандырулар болмағандықтан, сауда көлемі төмендеді. Осылайша, Қазақстанда компаниялардың (импорт төлемдері, сыртқы міндеттемелерді өтеу) және халықтың (шетелдік сапарлар мен сатып алуларға төлем жасау) қазіргі шетел валютасына деген сұранысы негізінен Ұлттық банктің (наурыз айындағы нетто-сату көлемі шамамен 1,1 млрд доллар), КГС субъектілері мен экспорттаушылардың сатылымдары есебінен қанағаттандырылып отыр, – делінген қауымдастықтың хабарламасында.
Алдыңғы сауда күнінде Қазақстанда доллар бағамы өскен болатын.