АҚШ пен Ирак ДАИШ жетекшісінің көзі жойылғанын хабарлады

Сырым Қаржас

Ирак барлау қызметі мен АҚШ бастаған коалиция күштерінің бірлескен операциясы нәтижесінде «Ислам мемлекеті» жетекшісінің көзі жойылды, деп хабарлайды Ulysmedia BBC-ге сілтеме жасап.

Reuters

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әбу Хадиджа лақап атымен танымал Абдулла Макки Муслих әл-Рифа әлемдегі аса қауіпті террористердің бірінен саналған және ол стратегиялық жоспарлауға, логистикаға және ДАИШ шабуылдарын үйлестіруге жауапты адам болған.

Сәтті жүргізілген әскери операция туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth әлеуметтік желісінде пікір білдірді.

Бүгін Иракта «Ислам мемлекетінің» қашып жүрген жетекшісі қаза тапты. Біздің ержүрек жауынгерлер оның ізіне түсіп, тынбай қудалады. Оның түкке тұрғысыз өмірі соңына жетті, – деп жазды Трамп.

Айта кетейік, «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) 2019 жылы талқандалғанымен, оның содырлары Ирак әскерилері мен полициясына дүркін-дүркін шабуыл жасауын тоқтатпай келеді.