"Ирина Кайратовнадағы" Қуаныш Бейсек ажырасып кетті

Сымбат Сатыбалдина

Режиссер Қуаныш Бейсек актриса Ғазиза-Таңшолпан Тлеубаймен ресми түрде ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қуаныш Бейсек бұл туралы Instagram-да хабарлады. 

- Біз енді бірге емеспіз. Біз жақсы дос әрі қызымыздың ата-анасы болып қаламыз, дейді режиссер. 

Айта кетейік, Қуаныш Бейсек пен Ғазиза-Таңшолпан Тлеубай 2023 жылдың сәуірінде үйленген. Бейсеков “Ирина Кайратовна” YouTube-шоуының авторларының бірі.